Словения Қырғызстандағы шиеленісті реттеуде Қазақстанды қолдауға әзір

ЛМАТЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Данияр Сихымбаев/ - Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі аясында ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Словения СІМ басшысы Самуэль Жбогармен кездесу өткізді

Словения ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстанның Қырғызстандағы шиеленісті реттеудегі қадамдарын жоғары бағалайды және қолдайды.

«Біз Қазақстанға Қырғызстандағы шиеленісті реттеу мен дағдарысты басқарудағы атқарып жатқан қадамдарын қолдауға әзірміз», - деді С.Жбогар. - ЕҚЫҰ-дағы төрағалықты ортаазиялық елдердің атқаруы алғашқы рет болып отыр. Дегенмен, өте ойдағыдай жүріп жатыр. Бұл төрағалықтың алты айлық қорытындысынан-ақ көрініп тұр».