Басылым атап өткендей, бұрқақта сыраның бес түрлі сұрыпы ағатын бес шүмек бар. Кез келген адам бұл ерекше құрылыстың қызметін пайдалана алады. Тек 6 еуро төлесе болғаны. Бұл сомаға саптыаяқты бес рет толтырып сыра ішуге болады.
Бұрқақтың ашылуында қала мэрі Жалец Янко Кос бұрқақтың туристерді көптеп тартарына үміттенетінін айтты.
«Біздің мақсатымыз адамдардың мас болғанша ішуіне жағдай жасау емес. Біз сыра қолдану мәдениетін дамытқымыз келеді. Жаңа орынға туристер көптеп келеді деген үміттеміз», - деді қала басшысы.
Жүздеген словениялықтар жаңа орынның ашылуын бір саптыаяқ тобылғы торы сырамен атап өтті.