Словенияда тұңғыш қара нәсілді мэр сайланды

АСТАНА. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат - Словенияда ел тарихындағы тұңғыш қара нәсілді мэр сайланды. Гана елінің тумасы Питер Боссман Пиран қаласында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша қала мэрі атанып отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Сайлаушылардың 51,4 пайызының дауысын алған П.Боссман әкімшіліктің қазіргі басшысын жеңіп отыр. Бұған дейін жергілікті қалалық кеңестің құрамына кіріп келген П.Боссман «Пиран қаласының Обамасы» деген атқа ие болып отыр.

54 жастағы Питер Боссман - терапевт-дәрігер. Кезінде, Югославияның құрамында болған Словенияға ол сонау 1970 жылы медицинаны зерттеу үшін келген екен.

Пиран - 4 мыңнан астам халқы бар шағын қала.