«Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды», - деп жазылған ресми мәліметте.
Ведомствоның дерегі бойынша, марқұмның Германияда жүрген анасы мен ағасына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.
«ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды», - делінген СІМ таратқан ақпаратта.
Зорлықпен өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылғанын жазған болатынбыз.