– Бұл анық әрі өрескел фэйк. Шындыққа жаспайды. Мұндай ақпаратты кімдер тарататынын білмеймін, бірақ біреуге тиімді деген сөз, - деді ол ведомствоның кезекті баспасөз мәслихатында.
Айбек Смадрияов Қазақстан Газадағы жағдайды бейбіт жолмен шешуді қолдайтынын, бірақ бұл ондағы тұрғындарды өз аумағына көшіріп әкелуге дайын дегенді білдірмейтінін айтты.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран-Израиль текетіресінің Қазақстанның сыртқы саудасына қалай әсер етіп жатқанын айтқан болатын.