СІМ мен БҰҰ университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда СІМ мен БҰҰ университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – университет ректоры Чилидзи Марвала Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, - делінген ресми дереккөзде.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды.