Смағұл Елубай: Президент ашаршылық туралы фильм түсіру идеясын құптады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазушы Смағұл Елубай ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазушы мен Президент арасындағы әңгіме ашаршылық,тіл тағдыры, әдебиет ахуалы, елдің көңіл-күйі тақырыптарының айналасындаөрбіпті.

«Президентке ең бірінші ашаршылық туралы айттым.2021 жылы 1921 жылғы ашаршылыққа 100 жыл, 1930 жылдардағы ашаршылыққа 90 жыл толады.Қасіретті датаға 1,5 жыл ғана уақыт қалды. Сол зұлматта құрбан болған 4 млн аруақты ұлықтау шаралары жөніндеұсыныстар айттым.

«Ескерткіштер қойылды ғой. Дегенмен, миллиондағанқұрбанға үлкен мемориал қойсақ лайықты. Ұлы трагедияға лайықты көркем фильм түсірсе,ғажап болар еді. Ашаршылық туралы өзіміз жазған «Ақ боз үй» романының соңғытарауы бойынша сценарий дайындаған болатынмын. Сол мәселені сізге құлаққағыс қылып отырмын», - дедім. Ол кісі құптайтынын айтты.

«Сценариді маған жіберіңіз» деген соң, бүгінжібердім. Сөйтіп, Құдай қаласа, аталмыш датаға орай «Ақ бозүй» деген сценарий бойынша фильм түсіружұмысына кірісуіміз мүмкін. Мен осыған қуандым. Айтайын деген негізгі шаруамныңбірі осы болатын», - дейді қаламгер.

Смағұл Елубай қазақ тілінің тағдыры да әңгімегеарқау болғанын айтады.

«Содан кейін тіл жөнінде айттық. Тіл заңының қабылданғанына 30 жыл толады. Осыжөнінде де шұғыл іс-әрекет керектігін, жұрт күтіп отырғанын жеткіздім.Мемлекеттік тілдің мәртебесі әлі де өздеңгейіне келген жоқ деген пікір айттық. Президент оны да қолдайтынынбілдірді», - дейді ол.

Әңгіме барысында Президент «Қазақфильм»киностудиясын дамытуға күш салынатынын айтқан көрінеді. Сондай-ақ кинодраматург «Қазақфильм»киностудиясын елордаға көшіруге қарсы екенін де айтқан екен.

«Ол кісі: «Бұғаннүкте қойылды. Енді тек «Қазақфильмді» дамытамыз»,- деді. Бұл да мен үшін жақсы жаңалықболды», - деді киногер.

«Олкісі Абай хакімнің 175 жылдығына өз үлесіңізді қосатын шығарсыз дегенді айтты»,- дейді Смағұл Елубай.

Жазушының ойынша, Абай туралы талай фильмтүсірілгенімен, соның ешқайсысы Абайға лайық деңгейде шықпаған.

«Абайдың атын пайдаланып, бір жылдың ішінделайықты көркем фильм түсіру өте ауырнәрсе. Мен оны киногер ретінде айтыпотырмын. Ол мүмкін емес дүние .Сондықтан асықпау керек дегенді айттық. Ол кісі бәрін жазып алып отырды.Осындай-осындай әңгімелер айтылды. Ол кісі елдегі поэзия мен прозаның дамуықалай деген сұрақ қойды.

«Поэзияның деңгейі өте жоғары деңгейде. Проза жайлыолай айту қиын. Өйткені, қазір жұрткөлемді дүниені оқымайтын болды. Біздің прозамызға қайтақұру, үлкен өзгерістер керек сияқты. Бұл жалғыз қазақ прозасының басына түскеннәубет емес, жалпы әлемдік прозаның проблемасына айналып отыр», - деген пікірайттым. Президент әдебиет, мәдениет, кино саласына өте қамқор азамат екенін көрсетті», - деген қаламықарымды жазушы кездесуден көтеріңкі рухпен шыққанын айтады.

«Президентке көңілімізге әртүрлі ойлар келіп барғанедік. Шыққанда көңіліміз толып, оптимистік рухта қайттық. Яғни, Елбасыайтпақшы, Президентімізді бәріміз түгел қолдауымыз керек екен. Сонда ғанабіздің көк туымыз тұғырлы болмақ деген ой түйдік. Бүкіл ел, ағайын көк тудыңмаңайынашоғырлану қажет қазіргі таңда. Қасым-Жомарт Тоқаев соған лайықты тұлға депайтар едім», - деп түйді жазушы.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар