«Америкалықтардың бестен үші үйлеріне ақылды құрылғылар орнатқан. Олардың көбі күніңізді жоспарлап, не істеу керектігін есіңізге түсіріп тұрады. Мамандардың айтуынша, биыл 862 миллион интеллектуалды құрылғылар сатылады деп жоспарланып отыр. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп», - дей келе автор «Бұл құрылғылар расымен адам өмірін жеңілдете ме?» деген сұраққа жауап іздейді.
«Ақылды құлып, камера, түтін детекторы, ақылды жарық қосқыштар. Бұл қазіргі таңда ең көп кездесетін ақылды үйдің бөлшектері. Бұлар күнделікті тіршілікті жеңілдете алады. Дегенмен, қиындық та туғызады», деп жазады автор. Оның айтуынша, ақылды құлыпты алмастыру өте қиынға соғатын көрінеді. Тіпті, құлыпты алмастыра алмайтындықтан есікті ауыстыратын жағдайлар да жиі болып тұрады екен.
«Ақылды құлып арқылы адам телефондағы арнайы қосымшамен есіктің ашық немесе жабық тұрғанын көре алады. Яғни, үйден алысқа кеткен кезде алаңдамауға мүмкіндік береді. Сондай ақ «Эй, Гугл, жарықты қос!» деп айту арқылы немесе қол шапалақтап үйге жарық қосу да кең тарап жатыр. Бұл жағдайға қарай ыңғайлы болуы мүмкін. Мысалы, үйге қолыңыз бос болмай кірсеңіз, жарықты оңай жаға аласыз. Сонымен қатар мұндай құрылғыларды орнату да жеңіл әрі арзан. Ал түтін детекторы үйде өрт шыққан жағдайда өте пайдалы. Бұл құрылғылар өмірімізді өте қатты өзгерте қоймайды. Әрі бұл құрылғыларсыз да өмір сүруге болады. Біздің қоғамда біз оларсыз өмір сүре алатын технологиялар көп. Дегенмен, ақылды үйде телефон пайдалану азайып, смартфонсыз өткізетін уақыт артатыны дәлелденген», деп жазады автор.