Мұндай тамаша жаңашылдықты Сан-Франциско тұрғыны Сайли Калускар ойлап тапқан. Қарапайым күннен қорғайтын көзілдіріктерге фотоэлементтер орнатылады. Ал олар пластикке орнатылған батареяға қосылған. Көзілдіріктің имек тұтқасы оның жиегіне USB-ажырағышы арқылы бектіледі.
Смартфон иесі көзілдірік киіп жүрген кезде фотоэлементтер күн энергиясынан қуат алады. Кейін көзілдіріктің имек тұтқасы оның жиектемесінен ажырап, телефонға қосылып, оны қуаттандырады.