Көңіл күйі үнемі төмен жүретін адамдар телефонды күніне 68 минут қолданады екен. Ал сананың дағдарысынан алыста жүргендер күніне небәрі 17 минут смартфонын ақтарады екен.
Ғалымдар мұндай статистикалық ақпаратты дайындау үшін GPS қызметін қолданған. Мысалы, ешқайда шықпай, көбіне үйінде отыратын адамдар смартфондарын жиі қосып, әр түрлі қосымшаларды пайдаланады.
Мобильді құрылғылардың белсенділігіне қарай оның тұтынушысының жағдайын анықтау медицинада да қолданысқа енуі мүмкін. Бұл депрессияға ұшыраған адамдарды анықтауда ұтымды әдіс болмақ. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі Journal of Medical Internet Research журналында жарияланды, деп жазады massaget.kz.