Зерттеу көрсеткендей, осындай көк түс 15 минут әсер еткеннен кейін адамның қарыны аша бастаған. Тіпті астан жаңадан тұрып қолға гаджет алғанда да осындай әсер болады екен. "Кеші уақытта 3 сағаттай смартфонды пайдаланса, зат алмасу бұзылып, аштық сезімі пайда болады ", - деді зерттеуші Иви Ченг. Адамдардың ұйықтар алдында смартфондар мен компьютерлерді пайдалануы жиілеп кетті. Осыған дейін Хартфордшир Университетінің зерттеушілері 12 ай ішінде ұйықтай алмайтын адамдар саны 50% артқанын аңғарған. Олар ұйықтай алмағандықтан тамақтанып алады екен.
Мобильді құрылғылар көзге де мол зиян тигізеді.