Отандық дзюдошылар арасынан рейтингте жоғары орында тұрған екі спортшы бар. Олар - Елдос Сметов (60 келі) пен Ерлан Серікжанов (66 келі).
Сметов өз салмағындағы олимпиадалық рейтингте 5-ші орында тұр. 66 келідегі Ерлан Серікжанов та үздік бестікке енген.
Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) 11-ші, Елдос Жұмақанов (66 келі) 15-ші, Жансай Смағұлов (73 келі) 11-ші, Дидар Хамза (81 келі) 10-шы, Ислам Бозбаев (90 келі) 10-шы, Ерасыл Қажыбаев ( 100 келі) 23-ші орында.
Еске сала кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ереже бойынша, Олимпиада ойындарына өз салмағында үздік 18 спортшының қатарына енген дзюдошылар ғана қатыса алады.