«Снежный барыс» ЖХЛ-да үшінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астаналық «Снежный барыс» командасы Жастар хоккей лигасының чемпионатында үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлады Vesti.kz.

ЖХЛ-дағы өзінің жетінші матчында астаналық команда Орынборда «Белый Тигр» хоккейшілерімен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. «Снежный барыстың» шайба авторлары - Антон Сагадеев, Никита Михайлис, Артем Лихотников және Дмитрий Вольский.

Атап өтейік, «Снежный барыс» қалған матчтарда жеңіліп қалды, олардың біреуі овертаймда болды.