Сноуден жапондықтарды жаппай аңду туралы ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Жапония тұрғындарын осы елдегі әрбір тұрғынның АҚШ үкіметінің бастамасы бойынша аңду нысаны болғаны жөнінде ескертті.

Japan Times газетінің электрондық нұсқасының сенбі күні кешке таратқан хабарламасына сәйкес, ол Токиода қауіпсіздік мәселелеріне арналған симпозиум кезінде бейнебайланыс бойынша сөз сөйледі, деп жазады ТАСС.

«Әрбір адамның қалтасындағы әрбір ұялы телефон, ол қосылып тұрғанда, «Мен мұндамын, мен мұндамын» деп ән айтып тұрады», - деп жазады оның сөздерін жергілікті БАҚ.

Жапондық қоғамның алдында тұрған қауіпсіздік туралы айта келе, Сноуден 2014 жылы күшіне енген мемлекеттік құпия туралы заңды атап өтті. Оның пікірінше, ол «демократия үшін қауіпті» болып табылады.

«Мемлекет шектен асып кеткен жағдайда тексеріс жүргізуге мүмкіндік беретін жүйе қажет», - деп қосып өтті ол.