СОЧИ-2014: Қазақстандық биатлоншы қыздар эстафетада 12-орын иелендi

СОЧИ. ҚазАқпарат - Сочиде Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы қыздар эстафеталық жарыста 12-орынға табан тiредi, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тiлшiсi.

Жарыс жолына Қазақстан атынан Галина Вишневская, Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Марина Лебедева шыққан болатын. Олардың әр қайсысы 6 шақырымнан еңсердi.

Алтын жүлде Украина құрамасына бұйырды. Күмiстi - ресейлiктер, қола медальдi норвегиялықтар қанжығаға iлдi.