Еркін стильдегі 50 шақырымдық шаңғы жарысының жолында айтулы ойындар медаліне таласта қазақстандық шаңғышылар жүлдегерлер үштігінің қатарынан көріне алмады. Олардың ішінен ең жақсы көрсеткішті Марк Старостин көрсетті, ол мәреге 34-ші болып жетті.
Одан кейінгі 48-ші, 54-ші және 55-ші орындарды сәйкесінше Ердос Ахмадиев, Евгений Величко, Сергей Черепанов алды.
Айта кетейік, бұл жарыста барлық орындарды ресейлік спортшылар иеленді. Александр Легков бірінші орын алса, Максим Вылегжанин ( 0.7) мен Илья Черноусов ( 0.8) екінші, үшінші орындар тұғырынан табылды. Осы қысқы ойындар нәтижесі бойынша қазіргі сәтте Ресейдің қоржынында 32 медаль: 12 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль бар.