Сочи-2014: Қазақстандық спортшылар 22 ақпанда биатлон, тау шаңғысы және сноубордтан жарыс жолына шығады

СОЧИ. ҚазАқпарат - 22 ақпанда Сочидегі Олимпиадада қазақстандық спортшылар биатлон, тау шаңғысы және сноубордтан жарыс жолына шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Сағат 11. 15-те қазақстандық сноубордшы Валерия Цой параллельді слалом бағдарламасы бойынша «Роза хутор« экстрим-паркінде өнер көрсететін болады. Антон Павлов, Сергей Наумик, Александр Трифонов және Диас Кеңешев биатлоннан эстафетада бақтарын сынайды. Олардың әрқайсысына 7,5 шақырымдық қашықтықты бағындыруға тура келеді. Жарыс «Лаура» кешенінде сағат 20.30-да басталады. Ал 15.30-да осы кешенде шаңғышылар Елена Коломина мен Татьяна Осипова еркін әдіс бойынша 30 шақырымдық бәсекеде бақ таластырады.