Сочи-2014 Олимпиадасының медальдары таныстырылды. ФОТО

Фото: None
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Сочи-2014 ұйымдастыру комитеті келесі жылы Ресейде өтетін Олимпиадалық ойындарда тапсырылатын жүлделерді таныстырды, деп хабарлайды РБК.

Медальдардың тұсаукесері Санкт-Петербургте Халықаралық олимпиада комитетінің атқару комитеті және «СпортАккорд» халықаралық конвенциясы отырысының шеңберінде өтті.

Медальдарда дәстүрлі ресейлік ою-өрнектер бейнеленген. Медальдардың жобасын жас ресейлік дизайнерлер Сергей Царьков, Александр Федорин, Павел Наседкин және Сергей Ефремов жасаған.

Барлық медальдардың құрамы - металл және поликарбонаттың қосындысынан тұрады. Медальдардың салмағы марапаттың құндылығына байланысты 460 грамнан бастап 531 грамға дейінгі салмақты құрайды.

Паралимпиадалық ойындар үшін жасалған медальдардың салмағы ауырлау болатыны назар аудартады, деп атап өтті олимпиада чемпионы, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Светлана Журова өзінің twitter-дегі микроблогында.

Паралимпиадалық медальдар Олимпиада медальдары жасалған стильді сақтаған. Паралимпиадалық ойындар жүлдесінде зағип жандар оқу үшін қолданылатын Брайль шрифтімен жазылған жазулар бар.

Сочидағы ойындарда 15 спорт түрінен 98 жүлде ойналады. Жеңімпаздарды марапаттау үшін шамамен 1300 медаль әзірленеді.


2014 ойындарының алтын медалі

2014 ойындарының күміс медалі

2014 ойындарының қола медалі

2014 Паралимпиадалық ойындардың алтын медалі

2014 Паралимпиадалық ойындардың күміс медалі

2014 Паралимпиадалық ойындардың қола медалі