Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының аға бапкері Владимир Сахновтың сөзіне қарағанда, Сочиге Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Денис Волотка, Марк Старостин және Ердос Ахмадиевтердің баратынын анық.
Олар әлі 1-2 лицензияны күтуде. 18 қаңтарда FIS олимпиядалық рейтингі жабылады, ал 21-і күні жалпы бұқараға жарияланады.
Әйелдер құрамасына келсек, жаттықтыру штабы спортшылардың есімдерін атауға әзірше дайын емес, бірақ Сочиге баратындардың тізімінде 6-7 шаңғышы қыздар бар екен. Еске сала кетейік, олимпиада 7-23 ақпан аралығында Сочиде өтеді. Оның ашылу салтанатында Қазақстан туын шаңғышы Ердос Ахмадиев алып жүреді