«Сочи» футбол клубының 10 шілде күні жариялаған жазбасында Акмаль Бақтияров Ресей азаматы ретінде таныстырылған. Бірақ, клубтың баспасөз хатшысы Александр Груднев ҚазАқпарат тілшісіне мұны техникалық қателік деп қарастыру керектігін айтты.
«Бұл техникалық қателік. Себебі, қазір Ресей премьер-лигасының сайтына бір күнде бірнеше ақпарат салынады. Бір техник қателесіп жазған болуы тиіс. Мұны дұрыстаймыз», - деп атап өтті А.Груднев.
Айта кетсек, Акмаль Бақтияров жаңа маусымды «Сочи» сапында бастайды. Бірінші ойынын 13 шілде күні «Арцах» клубына қарсы өткізеді.