«Сочиде аюды тек алыс таулы жерлерде ғана көруге болады. «Красная Поляна» тас жолын салған кезде аюлар құрылыс техникасына шығып кеткен кез де болған. Ал қалаға аю кіріп кету оқиғасы бұрын-соңды болмаған», - деді Валов.
Алғашқы болжам бойынша, аю қолда өсірілген, иесінен қашып кеткен. Мұны аюдың жүріп жатқан көліктердің жанындағы шеткі жолда қорықпай жүгіргенінен де байқауға болады.