Оңтүстіккореялық құрамада 13 олимпиадалық лицензия бар. Атап айтқанда, тау шаңғысынан бес, трамплин, фристайл, сноуборд және шаңғы жарысынан екі лицензиядан иеленіп отыр. Ал коньки жарысы бойынша ел атынан 15 спортшы қатысатын болады.
Сочиге аттанатын спортшылардың нақты құрамы 23 қаңтар күні бекітіледі.