Бұл туралы Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі хабарлады.
20 қаңтардан бастап алдын ала брондау бойынша жапон банктерінде үш алтын медальдан тұратын жиынтық 2750 доллардан, ал үш күміс монета 420 доллардан, сондай-ақ алтын монеталардың 1 данасы 920 доллардан сатылымға шығарылады.
Бұдан бөлек компания ғаламтор арқылы да қысқы спорт түрлері мен спорт нысандары бейнеленген салмағы 1 және 3 келі болатын алтын, күміс монеталарды ұсынады. 3 келілік алтын монетаның құны 25 мың рубльді құрайды. Барлық монеталар Ресейдің орталық банкінде шығарылып, Жапонияға импортталған.
Айта кетерлігі, бұған дейін сатылымға түскен 154 грамдық номиналы мың рубльдік алтын монеталардың 1 данасы 15,3 мың доллардан сатылып кеткен еді.