Сочи Олимпиадасындағы ең қымбат билет құны 40 мың рубль

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ең қымбат билеті 40 мың, ал ең арзаны мың рубльді құрайды,

деп хабарлады Ресейдің жаңалықтар агенттігі.

Айта кетейік, Сочи олимпиадасы ақпанның 7-сі мен 23-і аралығында, ХІ қысқы Паралимпиада ойындары наурыздың 7-16-сы күндері өтеді. Жарыс билеттері 2013 жылдың ақпанынан, 2014 жылдың наурызына дейін сатылады. Ресей олимпиада билеттерін сату арқылы 6 млрд. рубльден астам пайда таппақ.