Шағын форматта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында ынтымақтастық туралы пікір алмасу, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету туралы, ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысының өткізілетін күні мен орны туралы мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.
Кеңестің кеңейтілген отырысында экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға, қорғаныс саясаты, сыртқы шекараны қорғау, терроризмге қарсы әрекет ету және Достастықты жаңа жағдайларға бейімдеуге бағытталған маңызды мәселелер талқыланады.