Бесінші әйел адамның мүрдесін құтқарушылар тауып алды. Ал тағы бір адам әлі де қар астында қалып отыр. Оқиға орнында құтқару операциясы жүруде. «Қар көшкіні туралы ақпарат 12:20-да түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, қар астында бір адам қалды. Оқиға орнында кинологтар жұмыс істеуде ", - деді Оңтүстікресейлік федералды іздеу-құтқару отрядының өкілі.
18:15, 23 Наурыз 2014
Сочиде қар көшкінінің астында қалған шаңғышылар іздестірілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочиде алты адам «Роза Хутор» тау шаңғысы трассасымен түсіп келе жатқан кезде қар көшкінің астында қалды. Олардың төртеуі қар құрсауынан өз беттерінше шықты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.