Бір жыл бұрын Карлсен Анандтан оның туған жері -Ченнай қаласында чемпиондық тәжді тартып алған еді, енді Сочиде өтетін бәсекеде тәжірибелі үнділік атағын қайтарып алмаққа құлшынып отыр.
22 жасында Ченнайда әлем чемпионы атағына ие болған Карлсен 43 жастағы Анандты жеңіс тұғырынан қайта оралмастай, үзілді-кесілді тайдырған тәрізді еді. Алайда ағымдағы жылы Ханты-Мансиде үміткерлер сайысында тамаша жеңіске жеткен Вишванатант норвегиялық спортшыдан қарымта қайтару құқығын алды.
Карлсен мен Ананд Адлердегі олимпиадалық медиаорталықта кездеседі.