Сочидегі су тасқыны: Бір адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТЖМ құтқарушылары су тасқыны орын алған Сочидің Адлер ауданында ер адамның мүрдесін тапты, деп хабарлайды Би-би-си.

ТЖМ өкілі хабарлағандай, дене судан табылғанымен оның неден өлгені белгісіз. Оны полиция анықтап жатыр.

Сочиде құтқару операциясы жалғасуда. Нөсер жауын салдарынан көптеген аудандарда үйлер мен жолдар су астында қалды. Теміржол вокзалы мен әуежай су тасқыны кесірінен жұмысын тоқтатты.