Содырлар газ құбырларын жаруға кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда содырлар газ құбырының әр бөлігінде үш жарылыс жасады. Осының нәтижесінде Пенджаб провинциясы газдан ажырап қалды.

Пәкістан билігінің мәліметінше, зақым келген учаскелерді жөндеуге бірнеше күн уақыт керек. Осы жарылыстар үшін жауапкершілікті көршілес Белуджистан провинциясының сепаратистер тобы өз мойнына алып отыр. Содырлар осыған дейін де газ құбырында осындай қастық іс-қимылдарын жасаған болатын.