Шабуыл салдарынан бір шекарашы қаза тапты, тағы біреуі жарақаттанды. Содырларда атыс қаруы мен гранаталар болған.
Барамуллада ереуілшілермен күрес жүргізетін үндістандық әскери құрылымдардың жергілікті штаб-пәтері бар.
18 қыркүйекте содырлар үндістандық Ури қаласындағы әскери базаға шабуыл жасап, 18 сарбазды өлтірді. Үндістандық әскерилердің жауапты соққысынан кейін, олардың сөзіне қарағанда, Пәкістан қолдау көрсетіп тұрған содырлар пайдаланған инфрақұрылым бұзылды.
Қазір Үндістан Кашмирдің орталығы мен оңтүстігін бақылап отырса, өңірдің солтүстік-батыс бөлігі Пәкістанның бақылауында. Аймақтың солтүстік-шығысы Қытайдың бақылауында.