Содырлар полицейлер мінген автобусты жарып жіберді

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мысырда, Синай жартыаралында полиция қызметкерлері мінген автобус жанында жол жиегіне қойылған бомба жарылып, 9 адам жарақат алды, деп хабарлады Утро.ру.

Мысырдың күш-қуат құрылымдары бұл лаңкестік әрекетке исламшыл содырлардың қатысы бар деп күдіктенуде. Оқиға Газа секторымен шекараға таяу жердегі Рафах қаласы тұсында орын алды. Әскерилер аталған ауданда бүлікшілерге қарсы арнайы операция жүргізуде. Жарылыс салдарынан бүлінген автобус сауытты көліктің бастауымен қозғалып келе жатқан болатын. Билік өкілдерінің ақпаратына қарағанда, жарылғыш құрылғы қашықтан басқару пульті арқылы іске қосылған.