ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Софья Берульцева (61 келі) карате-додан жартылай финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Енді қазақстандық спортшы мысырлық Ферьял Әбделәзизбен шеберлік байқасады. Кездесу шамамен елорда уақытымен 16:20-ге белгіленген.
Ферьял Әбделәзиз 1999 жылы дүниеге келген. 2018 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. 2019 жылы Африка ойындарында күміс жүлдегер болды.
Софья Берульцева 2000 жылы дүниеге келген. Әзірге халықаралық деңгейде табысқа қол жеткізе қойған жоқ.
Еске салсақ, ол төрт жекпе-жек өткізді. Оның екеуінде Сильвия Семерароны, әзербайжандық Ирина Зарецкаяны жеңсе, түркиялық Мельтем Ходжаоғлымен тең түсіп, жапониялық Аюми Уекусаға есе жіберді.
Осылайша бес ұпаймен А тобында екінші орын алды. Топ басында тұрған Ирина Зарецкаяның алты ұпайы бар.
Айта кетейік,бұдан бұрын карате-додан Дархан Асаділ Олимпиаданың қола жүлдесін алды.
Фото: Владислав Семёнов, Қазақстан ҰОК
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.