София Ақтаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде топ жарды

Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы

АСТАНА. KAZINFORM — Рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы София Ақтаева Фуджейра қаласында (БАӘ) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы Қытай елінің өкілі Чжихэ Тэден басым түсті. 

Тартысқа толы кездесу 15:13 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан халықаралық аренада несімен есте қалғанын жазған едік.