Атап айтқанда, Ангелина Лукас, Надежда Рябец және Валентина Хальзова чемпиондық атақ үшін жұдырықтасатын болады.
Жартылай финалда жеңіліс тапқан Карина Ибрагимова жарыстың қола жүлдегері атанды.
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Софияда өтіп жатқан халықаралық бокс бәсекесінде Қазақстан қыздар құрамасының үш боксшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.