Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирде екінші орын алды
АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ-тың Норвуд қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада екінші орын алды.
«Cranberry Cup International 2025» атты Челленджер сериясындағы халықаралық турнирінде ол 65.80 ұпай жинап, 20 спортшының ішінде 2-орынға жайғасты. Енді Софья еркін бағдарламада сынға түседі.
Әйелдер арасындағы жарыс Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Айта кетейік, бұл жарысқа 20 елден 99 спортшы қатысып жатыр. Осыған дейін Софья 2026 жылы Милан қаласында өтетін қысқы Олимпиадаға лицензия иеленген еді.
Айта кетейік, Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында топ-24 қатарына енуі қажет еді. Бұл көрсеткіштің ресми түрде расталуы кейінірек жарияланады.