Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Алматыда мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» сериясындағы Денис Тен мемориалы жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сында өнер көрсетіп, нәтижесінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жаңа «Rivals» атты шығармасымен еркін бағдарламасын орындаған отандасымыз 134,91 ұпай жинап, осы кезеңде екінші орын алды.

Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша, Софья Самоделкина 204,36 ұпаймен турнирдің қола жүлдегері атанды. Бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова 226,01 ұпаймен жеңіске жетті. Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

Қазақстанның өзге спортшылары төмендегідей орындарға тұрақтады: Нұрия Сүлеймен – 14-орын, Алика Халимова – 15-орын, Амира Ирматова – 16-орын, Зере Сарбалина – 18-орын, Амина Алексеева – 19-орын.

Диас Жиренбаев Денис Тен мемориалында жетінші орын алды.