Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында Канаданың Келоуна қаласында өтеді.
Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда бақ сынайды. Бұл бағдарламада барлығы 12 спортшы өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алған еді.
Олимпиада чемпионы Диёра Келдиёрова екі жылдық үзілістен кейін Қазақстанда жарысқа шығатынын жазған едік.