Нью-Йорк штатының тұрғыны Ричард Фолкнер 1944 жылы Францияның басып алынған аумағында апатқа ұшыраған В-17 бомбалаушы ұшағының экипажы мүшелерінің арасында аман қалған жалғыз жауынгер болып шықты.
Ол кезде 19 жасар Фолкнер ұшақтан катапульттанып үлгеріп, француздық фермер оны құтқарған көрінеді. Содан кейін сарбаз британдық кемемен еліне жеткен.
Бастапқыда Фолкнер соғыс кезінде экипаждың қалған мүшелерінің барлығы опат болғандықтан, бұл наградаға лайық емес екендігін айтып, бас тартқан. Алайда, 70 жылдан кейін ол медальді ұрпақтарына қалдыру үшін, награданы қабылдау туралы шешімге келді.
«Қанқызыл жүрек» медалі қарсыластың әрекетінен жарақат алған немесе қаза болған американдық әскерилерге тапсырылады.