Соғыс ардагерін үйінен қуып шықты

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ соты Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін үйінен айырды. 89 жастағы қария бұған дейін өзінің банкрот болғандығын мәлімдеп, науқас әйелінің еміне қажет қаржыны төлей алмайтындығын айтқан.

Ендігі жерде Уоррен Бодекердің шығыс Монтанадағы үйі сатылымға қойылатын болды. Оның медициналық сақтандыруға берешегі бүгінгі күнге дейін 109 мың АҚШ долларын құрап отыр. Соғыс ардагерінің айтуынша, мұндай үлкен қаражат оның әйелін емдеуге жұмсалған. Брдекер отбасындағы жалғыз кіріс көзі тек 981 долларды құрайтын жалғыз айлық жәрдемақы болып келіпті. Қарияның үйін сатушылар оны 155 мың АҚШ долларына бағалап отыр. Үй сатылғаннан кейін қария бүкіл қарызынан құтылуы тиіс және қалған өмірін далада өткізбек.
Уоррен Бодекерді қоныстандыру шешімін сот 12 маусымда шығарған. Алайда, қарт өз еркімен үйді босатпағандықтан құқық қорғаушылар оны күшпен шығарып жіберді.

 

BAQ.KZ