Соғыс ардагерлеріне «АЛЖИР» мемориалдық кешенінде құрмет көрсетілді

None
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін тоталитаризм мен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалдық кешенінде өткен салтанатты іс-шарада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Салтанатты жиынға келген Ақмол кентінің соғыс және еңбек ардагерлерін Ақмола облысының Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Берік Жанбаев құттықтады. «Құрметті ардагерлер, Сіздер өшпес рух пен мұқалмас қажыр-қайраттың үлгісі ретінде бүгінгі және келер ұрпақ үшін мәңгілік өнеге болып қала бермексіздер. Біз Сіздерді Ұлы Жеңістің 64 жылдығымен шын жүректен құттықтап, Сіздерге денсаулық, мол бақыт және қажымас қайрат тілейміз!», - деді Б.Жанбаев.Іс-шара аясында ардагерлер мен Ақмол кентінің №5 орта мектеп оқушылары кешен аумағында гүлдер аллеясын ашып, «АЛЖИР» ескертікішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ жиналған қауым алдында концерт қойылып, «Алжирдің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.