деп мәлім етті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Қамалова.
Аймақта соғыстың 504 қатысушысы мен мүгедегі, 12 мыңға жуық оларға теңестірілген тұлғалар мен тыл еңбеккерлері тұрады.
«Жыл сайын оларға тегін шипажайлық-курорттық емдеу ұсынылады, қалалар мен аудандарда Қазақстан елордасы - Астанаға саяхаттар ұйымдастырылып тұрады. Соғыстың барлық қатысушыларына қалалық автобустарда тегін жүру құқығы берілген. Республикалық бюджет қаражаты есебінен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ай сайын 15 айлық есептік көрсеткіш (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 24 720 теңге) көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Ай сайын жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй-коммуналдық төлемдер, мерзімді басылымдарға жазылу, дәрілік заттар мен баспананы жөндеуге кеткен шығындар өтеп беріледі», - деп атап өтті Г.Қамалова.