НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі», - деді Президент.
Осы оарйда Мемлекет басшысы әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек беретінін атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент келесі айда да азаматтарға 42 500 теңге көлемінде көмек берілетінін атап өтті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.