Жалпы Маңғыстауда 3 майдангер тұрып жатыр.
Солардың бірі - Ольга Заривняк.
Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін «Ерлігі үшін» және «Ұлы Жеңіс» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы ҰОС жеңісіне 60, 65, 75 жыл медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар, оның»Беларусь Республикасының неміс басқыншыларынан азат етілуінің 65 жылдығына»,»Соғыс ардагері», «Украинаның фашистік басқыншылардан азат етілуінің 60 жылдығына», «Отан қорғаушы», «Азат етуші ардагер» сияқты наградалары бар.
Ол сондай-ақ «Украина партизаны - 1941-1945» төсбелгісімен, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Ардагер қазір 95 жаста.