Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге 30,8 миллион пұт астық берді

Фото: None
АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін республикамыздың барлық елді мекендерінде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілуде, халық серуендері өтуде.

Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге 30,8 миллион пұт нан, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді - бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда көп.

Соғыстың алғашқы 1,5 жылында 25 кеніш пен шахта, 11 кен байыту фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай өнеркәсібі және Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.