Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге 30,8 миллион пұт нан, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді - бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда көп.
Соғыстың алғашқы 1,5 жылында 25 кеніш пен шахта, 11 кен байыту фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай өнеркәсібі және Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.