Лубанг атты Филиппин аралында жүрген 52 жасар лейтенант 1974 жылы берілуге шешім қабылдаған сәтінде қанды қырғынның баяғыда-ақ біткенінен әлі хабарсыз еді. Оноданы бұған сендіру үшін Филиппинге оның бұрынғы дала командирі ұшып келуге мәжбүр болған.
Лейтенант сол кезде джунглиде өзінің көптеген жолдастарының әлі де жасырынып жүргенін айтқан еді. 1972 жылы Гуам аралында жаумен шайқастың біткенін білмеген, жаяу әскердің құрамында болған тағы бір қатардағы жауынгер табылған.