Мектептің терезесі сынған, іші суық: ШҚО әкімдігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Алтай ауданындағы мектептің мүшкіл жағдайы туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.

Алтай ауданы Феклистовка ауылындағы мектеп Өскемен қаласынан нәбары 40 шақырымдай жерде орналасқан.

Фото: ШҚО әкімдігі

Таяуда Instagram желісінде осы мектепке қатысты ақпарат жарияланды.

Онда терезе сынғаны, мектептің іші суықтығы және интернеттің жоқтығы туралы жазылған.

Фото: ШҚО әкімдігі

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды.

Мектеп басшылығы осындай жалған мәлімет таратқан желі қолданушысын сотқа да бермек.

Фото: ШҚО әкімдігі

«Қазіргі таңда онда 43 бала білім алып жүр. Мектеп 1976 жылы салынғанына қарамастан онда балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Іші таза, жылы. Сондықтан халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз», — делінген ақпаратта.