Мәскеудегі Почтовая көшесінде жолда жанжал туындап, соның салдарынан бір жүргізуші ауыр жарақаттанған. LifeNews-тың мәліметтерінше, ер адам жол апатынан кейін екінші көлік жүргізушісімен сөйлесу үшін машинадан шыққан бетте ол оқ жаудырған. Оқтың бірі мұның басына тиді.
Апат орнында медициналық қызметкерлер мен полиция жұмыс жүргізді, жәбірленген азамат ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары әлгі мергенді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды piter.tv.