Кадрда бейнеленгендей, көлік көп жүретін күре жолды кесіп өтіп кетпекші болған жас жігіт соқтығысқан екі көліктің ортасында қалса да, аман қалды. Қас қағым сәтте жүргінші соқтығыс салдарынан бытырай ұшқан сынықтар арасынан көрінбей кетіп, артынша сап-сау орнында тұрғаны көрінеді.
Апат 2014 жылғы 7 қарашада Новомосковскіде орын алды. Апаттан зардап шеккендер жоқ.