Сокуровтың «Фаусты» Венеция кинофестивалінде «Алтын арыстанды» алды

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Александр Сокуров түсірген «Фауст» фильмі Венеция кинофестивалінің бас жүлдесі - «Алтын арыстанды» алды, деп хабарлайды Forbes.ru.

«Әрине толқып тұрмын: бұл менің қолыма түсуі үшін сондай тар және сондай ұзақ жолмен жүруге тура келді, - деді Сокуров марапаттау салтанатында. - Кинематографияда жүргенім үшін және бір-бірімізді түсіне алатынымыз үшін бақытты екенімді айтуға тиіспін».

Әділ-қазылар төрағасы Даррен Аронофскидің сөзіне қарағанда, ресейлік картинаға «Алтын арыстанды» тапсыру туралы шешім бір ауыздан қабылданған.